Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам «Мәңгілік Абай» бағдарламасына сұхбат берді

islam-atyrau.kz 07.11.2019 166 0 пікір
Атырау: Бас имам «Мәңгілік Абай» бағдарламасына сұхбат берді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Орталық "Иманғали" мешітінде өткен түсірілім барысында «Мәңгілік Абай» бағдарламасына Абайдың діни философиясының мазмұны туралы кеңінен сұхбат берген бас имам Алтынбек Ұтысханұлы дара тұлғаның діни танымы әлі де болса кеңінен зерттеуді қажет ететіндігін атап өтті.

«Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол» деп келетін Абай өлеңдерінің осы бір қысқа үзіндісінде ақ, Абайдың дінге көзқарасын анық байқауға болады. Асылында, исламның мақсаты – адамзатты ізгілікке, бейбітшілікке үндеу. Абайдың шығармаларында діни сауаттылық, рухани кемелділік кеңінен көрініс тапқан»,- деп атап өтті өз сұхбатында бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі