Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

“Жетісу” мешіті (Суреттер)

“Жетісу” мешіті

Талыдықорған қаласындағы “Жетісу” мешіті Қарабұлақ кентіне шығатын жолдың бойында Абылайхан көшесі №239 ғимаратында орналасқан. Мешіттің негізі 1996 жылы облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Егеубек Далғабаев, алқа мүшесі Ғайыс Егембердиев секілді игі жақсылар бас болып, сол кездегі қала әкімі Оралбек Жақияновтың бастамасымен салынған, Сайлаубайұлы Бағдат, Нұрбайұлы Қонысбек тағы сол сияқты іскер азаматтар демеушілік көрсетіп, бұрынғы “Чайка” кинотеатрын мешітке айналдырды. 2008 жылға дейін мешіт қызмет атқарып келеді.

2008 жылы сәуір айынан бастап 14 қараша айына дейін мешітке толық күрделі жұмыс жүргізілді. Мешітті толық жұмысын мойына алушы Алматы қаласы Фрунзе ауылында дүниеге келген дінге жанашыр болып жүрген белгілі кәсіпкер Хайдар Алиханұлы.

Мешіттің жаңадан күмбезі пайда болды бұрын болмаған. Мешіттің ескі мұнарасы жаңартылды.  Ішкі залында намаз оқитын  мен құран оқитын залы, әйелдер оқитын залы бөлек болып өзгертілді.  Едендерін жарты метрге көтеріп кафелдендірілді, кафелдің астынан жылыту тоғын өткізді. Әрбір бөлмесі оюмен безендірілді. Намаз оқитын залға Харезм қаласынан әкелінген Михраб орнатылған, михрабтың айналасы құран аяттарыменен безендірілген, едендеріне арнайы намаз оқитын жайнамаз тәрізді кілем төселген. Намаз оқитын залына 9 мың доллорға арнайы люстра жасатып ілінген, мешітке сәулетін беріп тұрған бұл люстра барлық залға сәулет түсіріп тұр. Мешітке үлкен залына 700 адам, үстіңгі қабатына 200 адам намаз оқи алады. Мешітке кіре бергі бөлмесіне қазіргі заманға сай аяқ киім шешетін тақтайшалар қойылған. Мешітке халыққа қолайлы болу үшін екі жағынанда есік ашып қойған. Мешіттің сыртынан жаңадан әжетхана салынды әжетхананың көлемі 4*6 м. Мешіттің сыртын толық жаңадан кафелмен безендірілген, мешітке пластикамен есік, терезелерін толық жаңадан салынды. Мешіттің жағалауында арнайы автокөлік қоятын орындар жасалынған. Мешіт 25*15. 8 мерт 14 долларға автономный 2  печ орнатылған. Мешіттің жалпы көлемі 500 шаршы метр, 800 орынды, мұнарасы мен күмбезінің биіктігі 18 метр, мұнарасының диаметрі 2,5 метр, мешіт қабырғасының биіктігі 9 метр, іші кең де жарық. Үлкен залы 310 шаршы метр, мешіттің сыртқы келбеті де көрікті, ауласында жасыл шыршалы қарағай, сымбатты қайың үйеңкі, оқтай түзу теректер орнатылған жағалауы көгалдандырылған.

Осы облыстағы мешіттер