Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

“Еркін” мешіті (Суреттер)

“Еркін” мешіті

“Еркін” мешіті: Бұл мешіт Алматы облысы, Талдықорған қаласы шығыс іргесіндегі Еркін ауылында орналасқан. Жоба авторлары М.Нәрікбаев және “Sanar” ЖШБ. (Астана қаласы).

Мешіт құрылысын “Алматы инжисрой”, ААҚ Талдықорған қаласындағы бөлмешесі жүргізді. Қаражатын “Еркін мешіті” қайырымдылық қоры және халық көтерді. Мешітті белгілі заңгер Мақсұт Нәрікбаевтің демеушілігімен салынған. Мешіт Талдықорған қаласының шығыс жағындағы Б.Сүлеев көшесі № 78-ші болып орналасқан. Мешіт құрылысы 2004 жылдың қаңтар айынан басталып сол жылдың тамыз айында аяқталып, еліміздің бас мүфтиінің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, алғаш рет уағыз айтылып, жұма намазы оқылды. Мешіттің жалпы ауданы 2200 шаршы, оюлы темір қоршаумен қоршалып айналдыра сыртын көгалдандырған және жеміс ағаштары отырғызылып, мешітке әдемі көрік беріп тұрады. Аулада мешітті айналдыра жарық беретін шамдар (прожекторлар) орналастырған, түнде қараған адамды өзіне тартарлықтай ерекше бір әсемдігі бар.

Пайдалы көлемі 240-шаршы метр, ол 2-бөлмеден тұрады. 5-уақыт намаз оқитын зал 150-адамдық, онда “Алматы кілем” фабрикасы тоқыған кілем төселген. Қабырғаларына айналдыра “Тәубе” сүресінің (18,20) аяттары жазылған. Михрабты дөңгеленте Бақа сүресінің 255 аяты, ол ішіне нақышталып “Фатиха” сүресі жазылған, және осы әдемі оюлы нақыштар жанғанда сән беріп тұратын салмағы 750 к.м, диаметрі-6 болатын үлкен алтын түстес люстра ілінген жоғарғы жағына айналдыра “Нашрах” сүресі жазылған. Мешіттің қабырғасының биіктігі 5 метр. Осы үлкен залдың биіктігі 4,35 метр ұлттық ою-өрнекпен безендірілген самырсын ағашынан жасалған минбер орналастырылған.

Мешітте имамның бөлмесі орналасқан: осы заманға лайық жиһаздармен қамтылған, онда жұмыс столы 1-кресло, 4-орындық, 5-Құран кітап, 1-телефон, 1-факс, 1-компютер, және қабырғасында “Қанайұлы Көбей қажы” атындағы мешіттің суреті бар кілем ілінген.

Мешіт қабырғасы: биіктігі 5 метр, мешіттің 2 мұнарасы бар, олар алдыңғы оң және сол жақ бұрышына орналасқан биіктігі 19,950 метр мешіттің кіре беріс маңдайшалары доға іспетті жасалып онда “Фатих” сүресінің бірінші аяты жазылған, ал есігі қазақи оюмен оюланған. Мешіт күйдірілген қызыл кірпішпен салынған 9-терезесі бар, төбесінде аспан түстес биіктігі 11,700 метр диаметрі-7 метр болатын күмбез орнатылған. Күмбез сырты ою -өрнегімен көз тартатындай нақышталған.

Мешіттің сыртында дәретхана орналасқан, дәретханасы ерлерге және әйелдерге  арнайы  бөлінген көлемі 4*3 метр.

Осы облыстағы мешіттер