Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаркент аудандық мешіті (Суреттер)

Жаркент аудандық мешіті

Панфилов ауданында  37 мешіт бар. Жаркент аудандық  мешіттің сипаттамасы:

Панфилов аудандық мешіті Алматы обылысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының орталығында  Жасүгіров к\сі147 орналасқан. Мешіт құрылысы 1887жылы Татар саудагері

Машанин деген адам қаражат бөліп салдырған. Мешіт кенес өкіметі кезінде әр түрлі кезеңді бастан өткізіп кейінен ,,ОРЛЕНОК,, кинотиаторы 1992жылдары қайта мешітке беріліп содан бері жұмыс жасап келеді. Мешітт 2003ж күрделі жөндеуден өткізілді, бұл қайырлы іске аудан әкімшілігі ат салысып азаматтар демеушілік жасады Мыс: белгілі кәсіпкер Д Кузеиов. және кәсіпкер С.Ақсубаев т.б. азаматтар бар.  Мешіттің жалпы ауданы 4000шаршы қоршауы темір решоткалармен толық қоршалып айналасында 20дан аса теректер бар.150кв\м жерге гүлдер отырғызылып көгалдандырылған. Айналасында мешітке жарық беретін 6 столбалы шамдар орналасқан. Пайдалы көлемі 1200шаршы  Мешіт 2залдан тұрады  имамның бөлмесімен құран оқитын бөлме бірге орналасқан. Мешіт 400 адамдық ішіндегі кілем паластар төселген. Қыбла жағында арнайы Түркиядан әкелінген Мехрап орналасқан онда айналасына Аятул күрсі маңдайшасына  Тәубә сүр 18\20 аяттары жазылған. Мехрап әдемі оюланып дөңгелектене жасалынған. Төбесінде 5дана жай ғана люстралар ілінген. Мешіт қабырғасының биіктігі 4метр қабырғасы толық ағаштан тұрғызылып топырақпен сыланған едені ағаш пол үлкен залда жай ағаштан істелінген минбар бар. Имам бөлмесі осы заманға лайық жихаздармен қамтылған 1кресло 10орындық 1стол 1факс 1компютер1сейф 1садақа жәшігі бар. Мешітте мұнара жоқ  ал есіктері ағаштан істелінген 8есік 12терезе мешіт қабырғасы ағаштан төбесі қаңылтырмен жабылған, алдыңғы жағымен сол жақ сыртын сайдингпен қапталған.

Дәретхана мешіттің сыртында бөлек орналасқан, көлемі 3\5метр дәретті сыртта құмғанмен алынады.

Осы облыстағы мешіттер