Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көксу аудандық мешіті (Суреттер)

Көксу аудандық мешіті

Мешіт Балпық би кенті Мырзабеков көшесі №38(А),  Көксу  ауданының орталығында орналасқан. Жанында аудандық әкімшілік, емхана және де жаңадан салынған мектеп-гимназия қоныс тепкен.

Жоба авторы Қ.Баулықов және Е.Ержомартов. Мешіт құрылысы 1993 жылы басталып 1997 жылы аяқталып  ашылған, бірақ түрлі себептермен сапасы төмен болып ішкі сырқы жұмыстары әрілеуді, жөндеуді қажет етті.

Ғимараттың құрылысын жүргізген жергілікті халықтан шыққан құрылысшылар.

Мешіт 350 адамға арналған 3 бөлмеден тұрады, негізгі зал 16 х 11,5 метр. Екінші қабатта әйелдер бөлмесі 9 х 5,5 метр. Кіре беріс бөлме 9 х 5,5 метр. Мешіт қабырғасының биіктігі 8 метр. Намаз оқитын залға демеушілердің көмегімен алынған Түрік жайнамаз кілемі  төселген. Есіктері ағаштан жасалынған қос есіктер , пластик  материалынан жасалынған үлкен 12 терезесі бар.Мешіт қысқы маусымда орталық қазандық арқылы еденінен және қабырғаларынан жылытылады.

Мешіттің намаз оқитын залында құбыла тарапында арнайы керамикалық плиткадан жасалған  михраб орналасқан, онда қасиетті Құранның Аятүл курси аяты, басқа құран аяттары  жазылған және қазақтың оюларымен безендірілген, михрабтың оң жағында ағаштан оюлап жасалған көркем минбар орнатылған, бұл екеуін жасап мешітке сыйға тартқан белгілі архитектор Ғазиз Ешкенов деген азамат. Сонымен бірге азан айтатын кәзіргі заманға сай дыбыс күшейткіш құралы  қойылған.

Мешіттің төменгі қабатында керек-жарақ қоятын бөлмелері бар. Бұл орталық мешіт болғандықтан аудандағы өзге мешіттер мен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мешіт  ауласында қосымша ғимарат бар. Онда балалар оқытатын медресе жұмыс жасайды. Сонымен бірге мешіттің ауласында  алма бағы бар.

Мешіт имамы Ерімбет Еділбек.

Осы облыстағы мешіттер