Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарқан аудандық мешіті (Суреттер)

Сарқан аудандық мешіті

Сарқан аудандық мешіті, Сарқан қаласының күн шығыс жағында Қонаев көшесі № 18 «а» орналасқан. Жобасын сызған Алматыда «Ерқанат» фирмасы 1992 жылы. Мешіт құрылысын 1992 жылы бастап 1993 жылы бітті. Құрылысын жүргізген аудандық МКСО – жұмысшылары. Қаражатын көтерген колхоз –совхоздар, аудан тұрғындары. Және 2007 жылы аудандық мешітке күрделі жөндеу жүргізілді.Төбесін қайта ақ жылтыр темірмен жабылды, жылу жүйесі қайта жасалды. Еденіне төселген кілем дорожка «Астана кілем» фабрикасында тоқыған жайнамаз ретінде. Осының бәріне демеушілік жасаған осы Сарқан  қаласының Абай мектебінің  түлегі. Сол кезде Қазақстан теле арнасында қызмет атқарған Абдыхамитов Даурен Серікұлы.

Мешіттің жалпы ауданы 0,1 200 га.  Бетонмен қоршалған, аулада жеміс ағаштары отырғызылған.  Пайдалы көлемі 145,1 шаршы метр. Бес уақыт намаз оқыйтын зал 100 адамдық, еденіне  кілем дорожка төселінген. Мешітке кірген кезде сол жақ бұрышында уағыз айтатын орын бар, ал оң жағында минбер орналыстырған. Мешіттің қабырғасының биіктігі 5,95 м, мешітте 7 терезе, 8 кішкене люстра бар. Мешітте 1 мұнара биіктігі 10 м, Күмбездің  биіктігі 5 м. Имамның бөлмесінге 1 стол, орындығы, 1 сейф, 1 телефон, 5 құран кітабы бар. Қабырғаларға «Алла және Алланың  99 аты» жазылған. Мешіттің сыртында дәретхана бар ерлерге және әйелердерге арнайы бөлінген.

Осы облыстағы мешіттер