Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Мухтасиф Алмұхаммед молла" мешіті (Суреттер)

"Мухтасиф Алмұхаммед молла" мешіті

«Мухтасиф Әлмұхаммед молла» мешіті 1997 жылы Арқалық қаласы Шақшақ Жәнібек көшесіндегі бұрынғы балалар бақшасының екі қабатты ғимаратын мешітке айналдыру ұйғарылды.

2001жылы қаңтардан мамыр айына дейін қала мекемелерінің және мешітке жиналған фітір садақасы көмегімен мешіттің ішкі құрылысы толық жөндеуден өткізілді. Жоғарғы қабаттағы шағын бөлмелерді кеңейтіп ерлер мен әйелдер намаз оқитын орынды ыңғайға келтірді. Мешітте жалпы бір мезгілде 400 адам намазға жығыла алады. Сатып алынған 40 кілем әр бөлмеге жарық беретін люстра шамдар мен көз тартатын әсем гүлдер мешітті көріктендірді. Елу адамдық оқу залы мен 150 адамдық асхана жөндеуден өтті. 2003жылы көктемнен бастап қала әкімі Ж. Түбекбаевтың бастауымен мешіттің сыртқы құрылысы толық жөндеуден өтті. Оған мекеме басшылары, қаладағы барлық кәсіпорын иелері,жеке кәсіпкерлер, шаруашылық иелері, қалталы азаматтар, қала халқы бір кісідей ұйымдасып, шамасына қарай өз үлестерін қосты. Нәтижесінде 4 млн 300 мыңға жуық қаражат жиналды. Осы қаржыға құрылыс материалдары сатып алынды. Мешіттің сыртқы көрінісі көз тартатындай көрікті болып шығуына әкімшіліктің құрылыс бөлімінің бастығы Балғабек Жүсіпбеков, орынбасары Рафаэль Мәжитов, Бас сәулетші Рашит Қошпанов, сәулетші Әбдікұлы Қажымұрат жанашырлық жасап басы-қасында болды. «Аллюминқұрылыс» және «Каскад» құрылыс мекемелерінің басшылары Мұқанов Абай мен Попов Аркадий Гаврилович құрылысшыларымен және құрылыс материалдарымен көмектесті. Сыртқы бүкіл қабырғасын оюмен өрнектеп табиғи таспен қалаған шебер Чехакридзе Борис те көп еңбек етті. Мешіт төбесінің шатыры жаңартылып, басқа үлгіде қайта жабдықталды. Терезелерге сырттан қарағанда көгілдір түске боялып тұратын айна секілді шынылар салынды. Мешіттің алдыңғы жағындағы екі бұрыштағы биіктігі 15 метрлік екі мұнара ғибадат үйіне ерекше сән біріп тұр. Түнде осы екі мұнараның ішінен көгілдір түспен жарық шашатын шамдар мен алдыңғы аулаға орнатылған он лампа самаладай жарқырап тұр. Ғимараттың алдыңғы көше жақ ауласының 200 шаршы метр жері асфальтталып, арнаулы қалдырылған орынға гүл дестелері отырғызылды. Екі қабаттағы барлық бөлмелер жылу жүйесіне қосылған.

Осы облыстағы мешіттер