Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қамысқала» мешіті (Суреттер)

«Қамысқала» мешіті

Исатай ауданы Хамит Ерғалиев аулында 2004 жылы салынған. Жалпы аумағы 0,36 га. Мешіт ерлер залы (80,7 шаршы метр), әйелдер залы (42 шаршы метр) және имам бөлмесінен тұрады. Оның 14 метрлік 1 мұнарасы және екі бүйірінде 10 метрлік екі мұнарасы бар. Үлкен күмбезі негізгі зал үстіне салынған. Алла үйі дала түстес кірпіштен қаланған. Қасбеті Орта Азиялық мешіттер сәулетін еске салады.

Ғибадатхана михрабына шаһадат калимасы, ал екі жағына «Алла» және «Мұхаммед» деп жазылған. Күмбез астына «Аятул курси» аяттары өрнектелген. Еденге «Алматыкілем» фабрикасының кілемі төселген. Ғимарат депутат Н.Мақашев пен мешіт қызметкерлерінің демеушілігімен салынған.

Осы облыстағы мешіттер