Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр» мешіті (Суреттер)

«Нұр» мешіті

«Нұр» Қаражал қалалық мешіті Жезқазған аймағы Қаражал қаласында орналасқан. 2009 жылы  «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қоғамының басшысы Мұхаммед Бахуштың демеушілігі және жергілікті халықтың көмегімен салынып, 2010 жылдың 7 тамызда пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы 5460 шаршы метр. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі 14,4х18,4 метр, күмбезінің биіктігі 4 метр, шеңбері 4 метр. Екі қабатты. Астыңғы қабатында /жертөледе/ имам бөлмесі, дәрісхана, әйелдерге арналған намаз бөлмесі қарастырылған. Үстіңгі қабаты үлкен намаз оқитын бөлмеден және кіреберістегі кішкене бөлмеден тұрады. Мұнарасының биіктігі 7 метр, зал бұрышынан есік шығарылған. Айналасы жазық дала, алдыңғы жағына тротуар плиталары төселінген.

 

Осы облыстағы мешіттер