Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қызылжар кенті мешіті» (Суреттер)

«Қызылжар кенті мешіті»

Жезқазған аймағы, Жаңа – Арқа ауданы, Қызылжар кентінде орналасқан. Қызылжар мешіті 2008 жылдың 2 сәуірінде кент азаматы, кәсіпкер Сахиев Жасұлан Дауленұлының бастамасымен салынып, 2008 жылдың 15 тамызында кент мұсылмандарына пайдалануға берілді.  Мешіттің жалпы аумағы 3751 шаршы метр.  Мешіттің ауласы көгалдандырылып, жас талдар егілген. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі 18,73 х 12,79 метр. 150 адам намазға жығыла алады. Мешіт ғимаратының биіктігі 4,5 метр, төрт бұрышты, сырты Мәскеу қызыл кірпішімен өрілген. Мешіттің төбесі шатырланған, алдыңғы жағына биіктігі 4, 37 метр болатын кіре беріс бөлме қосылған. Мұнарасы бөлек орналасқан, биіктігі 10 метр.

Осы облыстағы мешіттер