Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иса» мешіті (Суреттер)

«Иса» мешіті

Шет ауданы Ақадыр кентінде орналасқан. 3 күмбезі бар, оның екеуі кішілеу. Үлкен күмбездің шеңбері 10 м., биіктігі 5 м., 2 кіші күмбезінің шеңбері 5 м., биіктігі 3 м., күмбездер көк түспен боялған. Ғимараттың алдыңғы жағына «Алла», «Мұхаммед» (с.ғ.с.) деп жазылған, артқы жағында: «Алла тағаланың құзырында хақ дін – Ислам», Құран аяты арабша жазылған. 139,1 шаршы метр аумақ дуалмен қоршалған және көк түспен боялған.

Намаз оқитын үлкен залының ауданы 138,9, әйелдердің намаз оқитын залы 29,6 шаршы метр, 29,0 шаршы метрлік дәрісхана жұмыс істейді, сыныпқа парталар қойылған. Имамның бөлмесі, шырақшы бөлмесі, жуынатын бөлме, қазандық, от жағатын бөлмелер қарастырылған. Үлкен залында «Фатиха», «Бақара», «Қадір» сүрелері т.б. Құран аяттары және Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистері өрнектеліп жазылған.

Осы облыстағы мешіттер