Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ахмет» мешіті (Суреттер)

«Ахмет» мешіті

Нұра ауданы Ахмет аулында салынған. Оны 2007 жылы кәсіпкер Аман Балтабекұлы тұрғызып, пайдалануға берді.

Жер аумағы 0,25 га. Оң және сол жағына 11 түп қайың отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Ғимараттың сырты сары кірпішпен қаланған. Күмбезінің биіктігі 6 метр, көк түспен боялған. Айшығы 1 метр, 6 терезесі бар. Сыртқы есігі ағаштан жасалған. Жылыту қазандығы жеке салынған. Ғимарат 4 бөлмеден тұрады. 150 кісіге арналған. Еденге жайнамаздар төселген. Михрабы қуысталып жасалған. Имам бөлмесіне үстел және кітапқа арналған сөрелер қойылған.

Осы облыстағы мешіттер