Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұра» мешіті (Суреттер)

«Нұра» мешіті

Қонаев көшесінде орналасқан. 2007 жылы ашылды.

Жалпы жер аумағы 0,3325 га. Шығыс жағына алты шырша, ал батыс жағына тоғыз шырша отырғызылып, айналасы көгалдандырылған. Ауласы  қоршалып алаңы асфальтталған. Ғимараттың артында жылыту қазандығы жеке салынған. Ғимараттың сырты сары кірпішпен қаланған. Мұнарасы көк түспен боялған, биіктігі 8 метр. Айшығы 1,5 метр. Күмбезі көк түспен боялған, биіктігі 7, айшығы 1,5 метр. Күмбездің ортасында үлкен аспалы шам ілінген. Сыртқы есіктері пластиктен. Ауласына тас плиткалар төселген. Барлығы 8 терезесі бар. Терезелері пластик, оған перделер ілінген. Ғимарат 200 кісіге арналған намаз оқитын залдан және Құран оқитын және имамның бөлмелерінен тұрады.

Осы облыстағы мешіттер