Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жыржыс қажы» мешіті (Суреттер)

«Жыржыс қажы» мешіті

Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде тұрғызылған. 2002 жылы  ҚарМТУ-дың ректоры Арыстан Ғазалиевтің демеушілігімен салынған.

Жалпы аумағы 0,25 га. Айналасына шырша, тал, көшеттер отырғызылып, гүлдер егілген. Ауласы газонмен көгалдандырылған. Сырты сырмен, кафельмен безендірілген, оюланған бетон дуалдармен қоршалған. Ғимараттың биіктігі – 6, ұзындығы – 20, ені – 20 метр. 200 кісіге арналған. Күмбездің жерден биіктігі 16 метр, 6 метр сырты қаңылтырмен қапталып, көк сырмен боялған. Терезелері пластик, есіктері ағаштан жасалған. Түнде ғимарат пен күмбезге жарық беретін прожекторлар орнатылған. Мешіт ішінде намаз және Құран оқитын бөлме, дәрісхана мен кітапхана, имам бөлмесі, жуынатын орын бар. Намаз оқитын бөлменің төбесі гипсокартонмен әшекейленген. Михраб іргеге ойылып істелген. Екі жағында «Алла», «Мұхаммед» деп жазылған. Жайнамаз орнына кілем төселген. Құран оқитын бөлмеге жұмсақ дивандар қойылған. Сыныптар парталар, кітаптар қоятын стеллаждар, компьютерлермен жабдықталған. Сыныпқа 25-30 адам сияды. Жуынатын бөлмеде титан, ыстық-суық су бар. Пешпен жылытылады. Алла үйінің іші аяттармен, әдемі суреттермен, ақпарат тақталарымен безендірілген.

Осы облыстағы мешіттер