Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мұрат ата» мешіті (Суреттер)

«Мұрат ата» мешіті

Бұқар жырау ауданы Тегісжол ауылында ірге тепкен. 2008 жылы Жанат Түсіпбеков есімді азамат салдырған. 200 кісіге арналған.

Жалпы аумағы 0,53 га. Айналасына шырша, ағаш көшеттері, гүлдер егілген. Айналасы темір дуалмен қоршалып, жарық беретін шырақтар орнатылған. Сырты отқа төзімді кірпішпен қаланған. Алла үйінің биіктігі 6, мұнарасының биіктігі 11, күмбезінің биіктігі 10 метр, көк түске боялған. Терезелері пластик, есіктері таза ағаштан оюланып жасалған. Ішінде намаз оқитын бөлме, имамның бөлмесі, дәрет алатын, ас беретін бөлме бар. Еденге жайнамаз кілем төселген. Михраб іргеге ойылып, жағалай «Аятул курси», ішкі жағына «Фатиха» сүресі жазылған. Күмбездің ішінен үлкен 18 шырақты аспалы шам орнатылған. Қабырғаларына ойылып аяттар жазылған. Имам бөлмесі жиһаздармен жабдықталған. Жуынатын бөлмелерде душ кабиналары, қолжуғыштар, титан, ыстық-суық су бар. 2009 жылы мешіт жанынан дәрісхана салынды. Онда 15-20 балаға арналған жатын орын, бөлек жуынатын бөлмелері, ыстық-суық су, душ кабиналары бар. Ғимарат жанынан 200 адамдық асхана салынған.

Осы облыстағы мешіттер