Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақөре» ауылдық мешіті (Суреттер)

«Ақөре» ауылдық мешіті

Бұқар жырау ауданы Ақөре селосында бой көтерген. Алла үйін 2007 жылы Сұлтанов Болат деген азамат салдырған. 100 кісіге арналған.

Жалпы аумағы 0,4355 га. Биіктігі 4 метр. Бұл бұрын 5 бөлмелі үй болатын, ішкі қабырғалары алынып намаз оқитын бөлме кеңейтілген. Сырты ақ силикат кірпішпен қапталынған. Ғимараттың  екі  жақ шетінен қаланған биікітігі 7 метрлік екі мұнарасы бар. Ортасында күмбез орнатылған. Күмбезінің шеңбері 4, биіктігі – 8 метр. Күмбез тот баспайтын қаңылтырмен өрнектеліп қапталған. Терезелері пластиктен жасалған. Кіреберіс алдында ағаштан салынған ауызғы бөлме бар. Сырты дуалмен қоршалған. Айналасына тал отырғызылып, көгалдандырылған. Ғибадатхана ішінде намаз оқитын екі зал, Құран оқитын, ас беретін бөлмелері бар. Намаз оқитын бөлме еденіне бірыңғай ковралан төселген. Михраб іргеге ойылып жасалған. Төбесі гипсокартонмен ойылған, ұсақ жарық беретін және аспалы шамдар орнатылған. Есік-терезелері аркаланған. Қабырғаларына аяттар жазылған плакаттар ілінген. Азан шақыратын дауыс күшейткіші бар.

Осы облыстағы мешіттер