Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбе» мешiтi (Суреттер)

«Ақтөбе» мешiтi

Талас ауданы Ақтөбе ауылында бой көтерген. Сол ауылдың азаматы, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, жазушы, ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбекұлы 2009 жылы салдырған. Жерінiң аумағы 225 шаршы метр. 200 адамға арналған. Биiктiгi 8 метр. 3 бөлмеден тұрады. Намаз бөлмесі 130, имам бөлмесi 3,5, кiтапханасы 3 шаршы метр. Ғимарат төрт бұрышты, қабырғасы қызыл кiрпiштен қаланып, төбесi бетон плиталармен жабылған. Күмбезінiң iшi өрнектермен безендiрiлген, iшкi төрт қабырғаларына Құран аяттары жазылған. Намаз бөлмесiне жайнамаз-кiлем төселген, мiнберi бар. Ғимарат бұрышында биiктiгi 14 метр бiр мұнара тұрғызылған. Биiктiгi 3,5 метр. 8 терезе, сыртына 1 есiк, iшiне 3 есiк орнатылған. Төбесiнде бiр үлкен, екi кiшiгiрiм күмбез орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, сенатор Өмірбек Байгелді, жазушы Шерхан Мұртаза қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

 

Осы облыстағы мешіттер