Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оспан ата мешіті (Суреттер)

Оспан ата мешіті

Жалағаш ауданы Жаңаталап аулында бой көтерген. Құрылысы 2004 жылдың сәуір айында басталып, сол жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Ғимаратты шығыс сәулет өнер үлгісімен салдырған кәсіпкер Шаһарбек Есжанов. Жерінің жалпы аумағы 0,18 га (60 х 30), 100 адамға арналған. Ғимараттың төрт бұрышында төрт мұнара, алдыңғы 2 мұнараның биіктігі 9, артқы 2 мұнараның биіктігі 7,5 метрден. Күмбезінің биіктігі 12 метр. Бас мұнарасының биіктігі 25 метр. Ғимараттың аумағы 144 шаршы метр. 4 бөлмелі. Намаз залы 72, имамға арналған бөлмесі 15,58, дәрісханасы 15,58, дәлізі 27,5 шаршы метр. Алла үйі алдында 1 көгілдір электр жарықтандырғыш, 6 шырақ қойылған. Ауласы темір шарбақтармен қоршалған. 

Осы облыстағы мешіттер