Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бұқарбай» мешіті (Суреттер)

«Бұқарбай» мешіті

 Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр аулында салынған. Құрылысы 1993 жылдың маусым айында басталып, сол жылдың қазан айында, Бұқарбай батырдың туғанына 180 жыл толуына орай өткізілген мерейтой күні пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Сейілбек Шаухаманов, белгілі жазушы Қалтай Мұхамеджанов бастаған қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жоба авторы әрі салушысы ҚР-ның Сенат депутаты Қожахмет Баймаханов. Жалпы ауласының  аумағы - 0,1501 га немесе 1501 шаршы метр. Ғимараттың жалпы көлемі 384 шаршы метр, 100 адамға арналған. Алла үйінің биіктігі 4,5 м. Екі  мұнаралы, әрқайсысының биіктігі 9,5 м, шеңбері 3 метр. Күмбезі  темір арматурадан құрастырылып, сырты тот баспайтын қаңылтырмен қапталған, силикат кірпіштен өрнектеліп өрілген. Күмбезінің шеңбері 10 метр. 6 бөлмелі. Үлкен намазханасы 100, имамға арналған бөлмесі 12, дәрісханасы 24, дәлізі 95, от жағатын жері 9, дауыс күшейткіш құрылғы, құжаттар сақтайтын орын 12 (4х3) шаршы метр. Дәліз төбесіне 40 шаршы метрлік терезе орнатылған. Үлкен залда 2, дәрісханада 2, қалған үш бөлмелерде бір-бірден, барлығы 7 терезе бар.

Осы облыстағы мешіттер