Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Айтбай» мешіті (Суреттер)

«Айтбай» мешіті

 Сырдария ауданы Н.Ілиясов аулында салынған. 1995 жылы көктемде асарлатып салынып, 1997 жылы 19 сәуірде пайдалануға берілді. Жерінің көлемі 20 сотық, 100 адамға арналған. Бір қабатты, шатыры қаңылтырмен қапталып, күмбезделген. Биіктігі 3 м, күмбезі 4 м. Күмбез үстінде айшық белгісі, 4 бұрышында 4 кішкентай күмбезі, 10 терезесі бар. Ғимраттың ұзындығы 11 м, ені 12 м. Сыртқа шығыңқы михрабы бар.

Негізгі есіктен кіргенде дәліздің сол жақ бүйірінде балалардың бөлмесі орналасқан, көлемі 5х5 м. Қабырғасына тақта ілінген, оқушылардың 4 үстелі қойылған, дәліздің оң жақ бөлігінде сырттан келгенде садақа жәшігі мен пеш бар. Имамға арналған 6 шаршы метрлік бөлмеде үстел, кітап сөрелері тұр. Намаз залының ұзындығы 12 м, ені 5 м. Онда 2 баспалдақты  мінбер, дауыс күшейткіш пен михраб бар.

Ауласына тас плиталар төселген. 2010 жылы кәсіпкер «Абзал и К» серіктестігінің  демеушілігімен күрделі жөндеу жүргізілді. Күмбезі, шатыры боялып, 10 пластик терезе салынды.  

 

Осы облыстағы мешіттер