Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ғашура ана» мешіті (Суреттер)

«Ғашура ана» мешіті

Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде бой көтерген. Құрылысы 2007 жылдың күзінде басталып, 2008 қазан айында бітті. 2008 жылы  3 қазанда Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің ақ батасымен  салтанатты түрде ашылып,  ел игілігіне берілді.

Жерінің  жалпы аумағы  1,6 гектар, соның ішінде  3,050 шаршы  метріне тас плита төселген, ал 3,880 шаршы  метрі  асфальтталынған. Ауласын  көгалдандыру мақсатында 6,871 шаршы метріне көк шөп, 220 шаршы  метріне  гүл егілген. Ғимараттың жалпы көлемі  1040 шаршы  метр.  Жоба  бойынша  400 адамға арналған. Биіктігі 13 метр, шығыс  үлгісінде  қазақша  ою-өрнектермен  безендіріліп салынған. Негізгі есік пен үлкен залға  кіретін қосалқы  екі есіктің  жоғарғы  жағына  қасиетті  Құран  аяттары мен дұғалар  өрнектеліп жазылған.  Ғимарат тамаша безендірілген  ерлер  және әйелдер залынан  тұрады. Залдың бір бұрышында  биіктігі 6 метрлік  ою-өрнектермен  әсемделген  мінбер  қойылған.  Екі залға да,  кіреберіс және  неке залына да  аспалы шам ілінген. Сонымен қатар кітапхана, ою-өрнектермен  безендірілген  неке залы, үлкен дәрісхана бөлмесі  толық  жабдықталған. 200 орындық  асханасы бар. Үлкен екі  күмбезі,  4 шағын  күмбезі бар. Үлкен  күмбезінің    биіктігі 25 метр және  алыстан  менмұндалап көрінетін 40 метрлік екі мұнарасы бар.  Аумағында  көгілдір  отынмен жағылатын екі  қазандық,  қосалқы ғимарат және  үш автокөлікке арналған  гараж орналасқан.

Осы облыстағы мешіттер