Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Оспан қожа әулие» мешіті (Суреттер)

«Оспан қожа әулие» мешіті

Жангелді ауданы орталығында бой көтерген. Оны салуға 1990 жылдан бастап әрекет жасалып, халықтан қаржы жиналды. Сөйтіп  Алла үйінің іргетасы сол жылдың қыркүйек айында қаланды. 1992 жылдың 21 тамызында  ашылу  салтанаты өтті, оған Ақмола, Қостанай, Арқалық қалаларынан  коғам, дін қызметкерлері  қатысты.

1992 жылы 2 қыркүйекте  онда  ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаев болып, жиналған қауымды  қуаныштарымен құттықтады. Жалпы аумағы 2300, пайдалы көлемі 744 шаршы метр. Залға 1 үлкен, 6 кіші аспалы шам ілінген. Намазхана залы  500 адамға арналған. Ортасынан пердемен бөлінген, оның бір жағында 350-дей ер кісілер намаз оқи алса, ал екінші жағында 150-дей әйелдер құлшылық ете алады. Ғибадатхананың 30 метрлік екі мұнарасы бар. Төбесіне биіктігі 18, шеңбері 15 метрлік күмбез  орнатылған. Қабырғасының биіктігі 8 метр.

Осы облыстағы мешіттер