Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қабдеш ата» мешіті (Суреттер)

«Қабдеш ата» мешіті

Сарыкөл ауданының орталығында бой көтерген. Құрылысы 2001 жылы басталып, сол жылдың 10 қарашасында пайдалануға берілді. Бұл Қабдеш атаның 100 жасқа толуына дәлме-дәл келді. Ғимаратты салдырған Қабдештің ұлы, сол өңірге белгілі кәсіпкер, бұл күндері марқұм Кенжебай  Әренов. Ол ғибадатхананы өз қаржысына тұрғызды. Қасиетті орынды салдырмас бұрын Орта Азия, Өзбекстан және еліміздің Оңтүстік өңірін аралап, мешіт құрылыстарымен танысты. Кейбір құрылыс материалдарын сол жақтардан алдырды. Оның салдырған бұл қос ғимараты өзіндік ерекшелігімен дараланады. Ол алыстан  мен мұндалап, көз жауын алады. 2001 жылы  қарашада болған ашылу салтанаты Сарыкөлдегі  ұмытылмас оқиға ретінде көпшілік  есінде қалды. Ұзындығы 20, ені 18, метр, ірге  тастан шатырға дейінгі биіктігі 4,5, күмбездің биіктігі 6,50, ал ірге тастан  күмбездің биіктігі 11, мұнара биіктігі 11,8, ені 3 метр. 500 адамға арналған. Ол қазір  көпшіліктің рухани ордасына да айналды. Екі ғимарат бір-біріне  іргелес  орналасқан. Екінші ғимараттың ұзындығы 12,4, ені 15,5, биіктігі 4,2 метр.

Осы облыстағы мешіттер