Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Аққозы қажы» мешіті (Суреттер)

«Аққозы қажы» мешіті

Сарыкөл аудан орталығында 1993 жылы Әнуар Қалиқажыұлының жетекшілігімен халық қаражатына салынған. Жобасын Д. Қасенов жасаған. Қабырғасы күйдірілген сары кірпіштен қаланған. Күмбезінің биіктігі 12, намаз залының  көлемі 10х10 метр. Сонымен қатар мұнда имам, есепші, жамағатқа арналған бөлмелер де бар.

Намаз залында қасиетті Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің аяттары нақышталып жазылған. Ал, михрабтың оң жағына  «Алла», сол жағына  «Мұхаммед» деп жазылған. Аталмыш Алла үйіне жергілікті халық ұсынысымен дін қайраткері Аққозы қажының есімі берілген.

Осы облыстағы мешіттер