Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әмит» мешіті (Суреттер)

«Әмит» мешіті

Әулиекөл кентінде бой көтерген. Ғимарат құрылысы 1989 маусымда басталып, 1990 жылы қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілді. Алла үйі Әулиекөл, Науырызым және Қарасу аудандары халқының жинаған қаржысына салынған. Оның бой көтеруіне Ташмұханбет Сүлейменов пен Бейсен Жүсіпов айтарлықтай еңбек сіңірді.

Жалпы жерінің аумағы 0,1987 гектар.Іргетасы бетон, қабырғасы шлакты блоктан қаланды. Ал, сырты силикат кірпішпен қапталған. Ғимараттың ені 12,   ұзындығы 18, күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Онда 14 терезе, екі есік бар. Намаз залына 130 кісі еркін сияды. Михрабы мен мінбері бар. Ішке касиетті Құран кәрім аяттары жазылып ілінген.

Осы облыстағы мешіттер