Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қарамырза» мешіті (Суреттер)

«Қарамырза» мешіті

Қарасу ауданы Октябрь кентінде бой көтерген. 2005 жылы жергілікті халық пен «Железнодорожный ЖШС» директоры М.Ф Артемук мырзаның, Челгаш элеваторының директоры Ш.Э.Халметов, «НұрАл» директоры А.С.Пласкун, «Елена-Л»-дың директоры З.М.Мұсаев,  «ГранАрт»-тың директоры  Н.А.Казак мырзалардың  қолдауымен салынған.

Жерінің аумағы 206 шаршы метр. Ғимарат көлемі 120 шаршы метр, 200 адам намаз оқи алады, жанында әкімшілік ғимараты бар. Онда имамға арналған бөлме, негізгі дәліз, діни кітапхана, кіреберіс дәлізі бар. Бес  бөлмелі. Сырт жағында екі бөлмеден тұратын есіктері бөлек, жылу қазандығы тұр. Намаз залына он терезе, бір есік орнатылған. Имам бөлмесі 17, кітапхана 16 шаршы метр. Негізгі дәліз 2 шаршы метр, үш есіктен тұрады. Кіреберісі 13, от жағатын бөлмесі 14 шаршы метр, бір терезесі мен екі есігі бар. Ауласы шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер