Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қарабатыр ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Қарабатыр ауылдық мешіті»

Қамысты ауданы Қарабатыр ауылында 1993 жылы пайдалануға берілді. Іші кең және жарық. Орталық жылу жүйесіне қосылған. Құдай үйінің көлемі 44 шаршы метр. 50 кісіге арналған. Имамның қабылдау бөлмесінен, намазхана, дәрісханадан тұрады. Бір күмбезді, биіктігі 2,5, шеңбері 2,5 метр. Жыл сайынғы жөндеу жұмысы Агрофирманың директоры Ж.К.Құдайқұловтың демеушілігімен жүзеге асуда.

Онда күнделікті бес уақыт намаз, жұма намаздарынан басқа құрбан айт, ораза айт, неке қию рәсімі, нәрестеге азан шақырып ат қою т.б. діни рәсімдердің барлығы атқарылады.

Осы облыстағы мешіттер