Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сейітжан Бекшентайұлы» мешіті (Суреттер)

«Сейітжан Бекшентайұлы» мешіті

Қамысты ауданы Қамысты кентінде орналасқан. Ғибадатхана облыстағы өзге мешіттерге қарағанда өзіндік сәулет өнері үлгісімен ерекшеленеді.  Құрылысы 1992 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. 100 адамға арналған, төрт  мұнаралы. Алдыңғы екеуінің биіктігі 17,  артқы екеуі  11 метрден. Күмбезінің биіктігі  9 метр.  Ғимарат 5200 шаршы метр  аумақты алып жатыр.  Алла үйі сұрғылттау силикат кірпіштен қаланған, ал мұнаралары қызғылт кірпіштен тұрғызылған, аркалы үлгімен салынған терезелері көз тартарлық. Төрт мұнарасы мен күмбезінің ұшар басындағы ай да  жұрт назарын аударып,  алыстан мен мұндалайды.

Қызылорда, Қостанай өңіріне танымал ақын, дін білімпазы Сейітжан Бекшентайұлы (1875-1938) атымен аталатын Алланың үйі ашылғаннан бастап  халықты имандылыққа ұйытып, діни-руханият саласы бойынша бірқатар  игілікті іс-шаралар атқарылуда.

Осы облыстағы мешіттер