Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қосай баба» мешіті (Суреттер)

«Қосай баба» мешіті

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында 2004 жылы кәсіпкер Ж.Өнербеков өз қаржысына салдырған.

Дәстүрлі ұлттық бояу-нақыштармен әсем етіп өрнектелген. Ғибадатхананың жалпы аумағы 0,12 га, пайдалы алаңы 110 шаршы метр. Ішіне 25 шам орнатылған. Кіреберіс үлкен бөлмесіне 1 аспалы шам (люстра) ілінген. Түнде айналасына жарық беріп тұратын екі прожектор қойылған. Үлкен бөлмесіне жарық жақсы түседі. Барлық бөлмелеріне «Алматыкілем» фабрикасының кілемдері төселген.

Қабырғасының биіктігі 7 метр. Қызыл кірпіштен қаланған. Қабырғалары әктелген, едендеріне қарағай салынып, оның үстіне линолеум төселген. Залының ортаңғы бөлігінің үстіңгі жағына үлкен күмбез орнатылған. Күмбездің бояуы зеңгі көк. Бас мұнараның биіктігі 12,9 метр. Алла үйінің қайың ағашынан жасалған 4 метрлік әдемі мінбері бар. Ғимарат солярка және автоматты электр қондырғысымен жылытылады. Сырты темір шарбақпен қоршалған. Ауласы көгалдандырылып, түрлі ағаштар отырғызылған. Ғимаратта бір мезгілде 100 адам намаз оқи алады.

Мұнда қарттар, жас жеткіншектер, ауыл жастары Ислам негіздерін үйрену үшін жиі бас қосып тұрады. Сауат ашу курсы жұмыс істейді.

Осы облыстағы мешіттер