Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қасым» мешіті (Суреттер)

«Қасым» мешіті

 Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылында салынып, 2004 жылы пайдалануға берілген.

Зәулім ғибадатхана жобасының авторы О.И.Бодаков. Құрылыстың аяқталуына қаржыгер, осы ауылдың азаматы Қадыр Тәжібаев қомақты үлес қосқан.

Жалпы аумағы 5000, пайдалы алаңы 198 шаршы метр. 150 адам намазға жығыла алады, әйелдердің намаз оқитын бөлмесі бөлек. Ғибадатхананың залына 1 аспалы шам, ал 3 аспалы шам кіші бөлмелерге ілінген, сыртына 14 үлкен шам қойылған. Залына жарық жақсы түседі.

Бөлмелеріне «Алматыкілем» фабрикасы тоқыған қалы кілемдер төселінген. Әр бөлменің нақышы да, бояуы да бірін-бірі қайталамайды. Алла үйі қабырғасының биіктігі 7 метр. Ауылға имандылық бастауы болған, еліміздің ертеңіне сенім ұялатқан мешіттің есігі күншығыс жаққа қаратылған. Маңдайшаларының жоғары жағы қазақтың ұлттық өрнегімен өрнектелген. Ғимараттың төрт халифаны білдіретін әрқайсысы сегіз метрлік төрт мұнарасы бар. Мұнаралары аспан түстес көк, алыстан көзге шалынады. Қайың ағашынан жасалған мінбердің биіктігі 4 метр. Көгілдір күмбезінің биіктігі 12 метр.

Жылу жүйесі арнайы автоматты қондырғымен жабдықталған. Мешіт темір шарбақпен қоршалып, ауласы абаттандырылып, ағаштар отырғызылған. 

Осы облыстағы мешіттер