Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зейнетулла ата» мешіті (Суреттер)

«Зейнетулла ата» мешіті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш аулы, Таусамалы елді мекенінде орналасқан. Күмбезді, қос мұнаралы 300 адам намаз оқуға арналған. Оның ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, жұртшылықты қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар Талғар ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бердәулет Абдулдаев, қасиетті Құран кәрімді қазақшаға аударған Уахап Қадырханұлы мен Қажымқан Мәсімов қатысып, ақ батасын берді.

Алла үйін салып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған Мейірмановтар ұрпағы Жетпіс, Дәурен, Дәулет атты ағайынды үш жігіт. Осы өңірге отыз жылға жуық ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп, аянбай еселі еңбек етіп, елінің елеулі азаматына айналған марқұм Зейнетолла Мейірманов отбасы осынау ауқымды істі өз жауапкершіліктеріне алып, аяғына дейін абыроймен атқарып шыққан.

Ауласының көлемі 0,23 сотық, айналасы темір шарбақпен қоршалған, ою-өрнекті тас кілем төселген. Сырты Самарқанның сары кірпіштерімен қапталған. Төрт мұнаралы. Биіктігі 16 метр болатын бір күмбезі бар. Әрбір мұнарасы кірпішпен өріліп және қаңылтырмен қапталған. Әйелдер намаз оқитын бөлмесінің алаңы 4х6 метр, сонымен қатар имам бөлмесінің де алаңы 4х6 метр. Намаз оқитын бөлмелерге жайнамаздар төселген. Жылу жүйесі еденнің астынан беріледі.

Осы облыстағы мешіттер