Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тұздыбастау ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Тұздыбастау ауылдық мешіті»

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бердіғұлов көшесінде орналасқан. 2005 жылы сәуір айында ірге тасы қаланып, 2006 жылы Рамазан айы қарсаңында ашылған. Ол аз уақыт ішінде ауылдың ынтымағы мен бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен берекенің көзіне айналды. Мешіт ауылдың қақ ортасындағы саябақ орнында бой көтерген. Оны салуға ауыл азаматы кәсіпкер Насибов Кирас Илиясұлы қаражат беріп, Алла тағаланың разылығы үшін ауыл тұрғындарына сыйға тартқан.

Жер аумағы 31 шаршы метр. Онда 600 адам бір мезгілде намаз оқи алады. Алыстан биік төрт мұнарасы мен үлкен күмбезі көзге шалынады. Оған теріскей және күнгей жағынан да кіруге болады.

Екі қабатты, төменгі қабатында 8 терезе қойылған. Үстіңгі қабатындағы 11 терезеден ғимараттың ішіне жарық түсіп тұрады. Үстіңгі қабатына тірек болып тұратын мықты алты діңгек қойылған. Ішінде 16 кіші, әр қабатының ортасында жарық беретін үлкен аспалы шам орнатылған. Түнде сыртта прожектор жанып тұрады. Ғимарат астынан от жағылып ішке еден және қабырға батарейлері арқылы жылу беріледі.

Кіре беріс жолдың екі жағын ала ағаштар отырғызылып, гүлдер егілген. Сыртқы күмбезінде және ішкі бөлмелерінде азан шақырып, уағыз айтуға арналған дауысты күшейткіш құрылғы орнатылған.

Осы облыстағы мешіттер