Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Белбұлақ ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Белбұлақ ауылдық мешіті»

Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, Қ.Әбдіғұлов көшесінің бойында салынған. Ауылда 8000-ға жуық халық тұрады. Алла үйі 1993-1996 жылдары Түркия мемлекетінің Діни істер басқармасының қаражатымен Осман түріктерінің ХҮІ ғасырдағы үлгісі бойынша салынған.  

700 адам құлшылық етуге арналған, жалпы аумағы 823 шаршы метр. Екі қабаттан тұрады: бірінші қабаты ер кісілер намаз оқитын негізгі үлкен зал, оның алаңы 397,3 шаршы метр, ал екінші қабаты әйелдер намаз оқитын зал, оның алаңы 102,2 шаршы метр. Екі қабатты қосқанда мешіттің ауданы 499,5 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың ортасында 18 шырақты үлкен аспалы шам ілінген, ал бірінші мен екінші қабаттың айналасында 3 шырақты кішкене жарық бергіш аспалы шамдар орналасқан. 297 кісілік бірінші қабатына қызыл түсті жайнамаз-кілемдер төселген. Ішкі қабырғалары қасиетті аяттармен және түрлі-түсті нақыштармен өрнектеліп, Алла тағала мен хазреті Пайғамбар (с.ғ.с.) және оның төрт халифасының аты жазылған. Жертөлесі де бар: ол үлкен бір зал және төрт бөлмеден тұрады. Үлкен залы 100-150 адамдық, құдайы тамақ өткізуге арналған. Бөлменің бірі имамға, тағы бірі діни дәрістер жүргізуге арналған. Басқалары кітапхана мен жылу жүйесі үшін салынған. Қабырғасы темірбетон. Биіктігі (жерден күмбезге дейін) 20 метр, оның бір үлкен, он екі кіші күмбезі бар, үлкен күмбезінің шеңбері 12 метр. 36 метрлік биік бір мұнарасы бар.

Құлшылық үйіне іргелес екі қабатты ғимаратты ұстаз-имамдар пәтер ретінде пайдаланады.

Осы облыстағы мешіттер