Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шариф» мешіті (Суреттер)

«Шариф» мешіті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы Райымбек көшесінде бой көтерген.

Алла үйі 11,784 тұрғыны бар ауыл халқының ортақ игілігі. Оны Курдоглы Ахмет Шарифов салдырған. Ғимарат құрылысы 1997 жылы бітіп, халыққа пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 2479, пайдалы алаңы 280,92 шаршы метр. Ғимаратта 200-ден астам адам ғибадат ете алады, 5 бөлмеден тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы, дәріс беру бөлмесі және Құран оқитын бөлме. Барлық бөлмелердің еденіне кілем төселіп, шырақтар орнатылған. Қабырғаға жазылған өрнек пен нақыштар бір-бірін қайталамайтын көркемдігімен де тартымды.

Төрт мұнарасы бар. Бас мұнараның биіктігі 12, самырсын ағашынан жасалған мінберінің биіктігі 5 метр. Үлкен күмбезінің шеңбері – 7 метр. Ауылдың ажарын кіргізіп тұрған ғимарат.

Осы облыстағы мешіттер