Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Гүлахмет ата» мешіті (Суреттер)

«Гүлахмет ата» мешіті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы Орталық көшесінде орналасқан. Оның құрылысы 2007 жылы маусым айында басталып, сол жылдың қазанында аяқталды. Жалпы ауданы 16х20 метр. Екі қабатты қызыл кірпіштен қаланған биік ғимараттың астыңғы қабаты 350, үстіңгі қабаты 450 кісіге арналған. Жалпы 800 адам емін-еркін сияды. Имамға арналған бөлмесі бар. Мұнарасының биіктігі 21 метр. Орналасқан жер аумағы 0,25 га, сыртқы қабырғасы арнайы қызыл кірпішпен безендірілген. Жанында 300 адамға арналған асханасы бар. Ауласына көк шөп егіліп, ағаштар отырғызылған.

Алла үйін салған кәсіпкер азамат Ибрагимов Әмүр Гүлахметұлы осы Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Ол ғимарат ауласына тиесілі жер телімінің жартысын жеке қаржысына сатып алып, бұрынғы ескі мешіт тұрған жердің жалпы аумағын кеңейтіңкіреп 0,25 га жер теліміне осы Алла үйін салды. Сонымен қатар ғимарат жанындағы бұрынғы ескі құлшылық үйін де Әмүр Гүлахметұлы өз қаражатына күрделі жөндеуден өткізіп, діни сауат ашу курсы жұмысын жүргізетін және ұстаз және имам-хатибтер тұратын арнайы тұрғын үй етіп жабдықтап пайдалануға берді. Нәтижесінде бірнеше шәкірттер мен сауат ашуға тілек білдіруші ауыл тұрғындары осы жерден дәріс алып өз білімдерін көтеруде.

Осы облыстағы мешіттер