Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Қожабек ата" мешіті (Суреттер)

"Қожабек ата" мешіті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл ту ауылы Мәлік Сапаров көшесінде тұрғызылған. Бұл ауылда жалпы саны 4000-ға жуық халық мекендейді. Ауыл үлкен үш бөліктен құралған. Ғибадатхана сол үшеуінің орталығы болып саналатын 2-ауыл ортасындағы үлкен күре жол бойында тұр.  

Бұған дейін бұл жерде 1995 жылдан бастап салына бастаған Алла үйінің құрылысының орны ғана бар болатын. 2007 жылы маусым айынан бастап тоқтап қалған ғибадатхана құрылысына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор осы ауылдың қызы Айман Қожабекқызы Мұсақожаева демеушілік жасап, бастама көтеріп заман талабына сай жаңа мешіт үйін салуды қолға алды.

2008 жылдың 13 қазанында мешіттің салтанатты түрде ашылуы болды, оған Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып көпшілік жамағатты құттықтап, ақ тілегін білдірді.

Ғимараттың ұзындығы 17, ені 11, ал мұнарасының биіктігі 14 метр. 300 адам намазға жығыла алады. Мешіт үш күмбезді, қызыл кірпіштен салынған.

Ауласында 200 орындық арнайы нәзір тарататын асхана жұмыс істейді.

Осы облыстағы мешіттер