Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алдажар» мешіті (Суреттер)

«Алдажар» мешіті

«Алдажар» мешіті Қызылорда қаласының Қызылжарма  аулында бой көтерген. Ол Биймәриям Қалжанқызының қолдауымен салынған. 250 адамға арналған. Екі қабатты. Астыңғы қабаты 180 адамға, ал  үстіңгі қабаты 70 адамдық әйелдердің намаз залы. Ішіне жайнамаз-кілемдер жайылған. Қыбыла жақ беткейінде михрабы, оның жанында мінбері орналасқан.  

Ғимаратта имам бөлмесі, шаруашылық заттар қоятын кіреберіс дәлізі бар. Ішінің оң жақ бұрышында азан шақыратын қондырғы. Төбесі күмбезделініп, әшекейленіп салынған. Жеке жылу қазандығымен жылытылады. Жарық пен су, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Аула заман талабына сай әсем шарбақпен қоршалған.

 

Осы облыстағы мешіттер