Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Арна ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Арна ауылдық мешіті»

«Арна ауылдық мешіті» Алматы-Қапшағай даңғылы бойының Іле өзені сағасының жағасындағы Арна ауылының ортасында бой көтерген. Құрылысы 2008 жылы басталып, 2009 жылы күзде біткен. Қапшағайлық кәсіпкер Баян Елетайқызының демеушілігімен тұрғызылды.

Жалпы жер аумағы 0,20 га. Пайдалы ауданы 100 шаршы метр. Бір мезгілде 100 адам құлшылық жасай алады. Үш бөлмеден тұрады. Кірер дәлізде аяқ киім қоятын және киім ілетін бөлме орналасқан. Ерлер намазханасының алаңы 80, ал әйелдер намазханасының алаңы 20 шаршы метрді құрайды. Ішіне жайнамаз үлгісімен тоқылған кілем төселген.

Осы облыстағы мешіттер