Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шеңгелді ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Шеңгелді ауылдық мешіті»

«Шеңгелді ауылдық мешіті» Алматы облысы, Қапшағай қаласынан 40 шақырым қашықтықта ауыл ортасында орналасқан. Құрылысы 1992 жылы басталып, 1994 жылы халық игілігіне пайдалануға берілген. Алла үйін ауыл тұрғындарының қаржысына жергілікті ауылдық әкімшілік салдырған.

Жерінің аумағы 1 га. Ғимараттың ауданы 200 шаршы метр, 50 адамдық, 5 бөлмеден тұрады. Кіре беріс дәлізде кішігірім кілем және аяқ киім қоятын сөрелер, киім ілгіштер орналасқан. Имамның бөлмесі 6, шаруашылық бөлмесі 2 шаршы метр. Намазхана – 18, әйелдер бөлмесі 8, дәрісхана 7 шаршы метр.

Екі мұнаралы, әр мұнарасының кішкене терезе көздері, үстіне ай бекітілген 1 күмбезі бар. Ғимараттың биіктігі 6,2, мұнарасының биіктігі 15, күмбезінің биіктігі 5,4 метр. Дербес жылу жүйесімен жылытылады. Заманауи дауыс күшейткіш құралмен жабдықталған.

Ауласы гүл өсіріліп абаттандырылған, ауыл мектебі оқушыларының күшімен 50 көшет жеміс ағашы отырғызылған. 

Осы облыстағы мешіттер