Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр» мешіті (Суреттер)

«Нұр» мешіті

«Нұр» мешіті Қарағанды облысы Шахтинск қаласында орналасқан. 1997 жылы салынған. Сырты толық жасыл түсті темір шарбақпен қоршалған. Ауласының сол жағына ағаштар отырғызылған. Алаңына асфальт төселген. Кіре берісі керамикалық гранит плитасымен қапталған. Ғибадатхана жанында дәрісхана мен 100 кісіге арналған асхана орналасқан. 

Төбесіне биіктігі 2,5 метр көк күмбез орнатылған. Төрт бұрышында биіктігі 2 метрлік мұнаралары бар. Есік үстіне «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп жазылған. Ғимарат Құран оқитын және имам бөлмесімен, 150 кісілік үлкен намазханадан тұрады. Намаз залының төрттен бірі әйелдерге бөлінген.

Ішінде мінбер, асатаяқ, дауыс күшейткіш микрофон, ғимарат ішінде бір үлкен және далада 2 кіші колонкалар бар. Еденге біркелкі кілемдер төселген. Орталық жылу жүйесімен жылытылады. Ғимараттың үлкен залында 5 аспалы шам мен дәріс оқытатын жазу үстелдері бар. Айналасы гүлдермен безендірілген.

Құлшылық үйінің кіретін 2 есігі бар. Бірі – ер кісілерге, екіншісі – әйелдерге арналған.

Осы облыстағы мешіттер