Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау қалалық мешіті (Суреттер)

Теміртау қалалық мешіті

Теміртау қалалық мешіті Металлург даңғылы бойында 2010 жылы салынған. Екі қабатты және бір мұнаралы. Жерінің аумағы 3875 шаршы метр. Ғимарат ауданы 398 шаршы метр. Жанындағы ғимарат 2112 шаршы метр. Биіктігі 17,505 метр, мұнарасының ұзындығы 25,35 метр. 300 кісіге арналған.

Теміртау магнитакасына 50 жыл толуына арналған салтанатты жиыннан соң сол жылғы қыркүйек айының Алла үйі жұма күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қатысуымен ашылды.

Салтанатты Бас мүфти ашып, халықты қуанышымен құттықтады, батасын берді, жұма намазында уағыз айтып, намазды өткізді. 

Жанындағы қосымша ғимарат бір қабатты және жаңа туған айға ұқсап жартылай дөңгелене салынған.

Мешіт едені, қабырғалары мрамордан, төбесі сулыэмульсиямен әктелген.  Екінші қабатының жартысында әйелдерге арналған намаз оқу залы орналасқан. Михрабы өте әдемі өрнекпен безендіріліп, қасиетті Құраннан «Аятүл күрси», екі жағына «Алла», «Мұхаммед (с.ғ.с)» деп жазылған. Ғибадатхана ішіндегі күмбез астында («Фатиха» сүресі») жазылған. Сырты мен жанындағы қосымша ғимарат кірпішпен қапталған. Онда Құран оқитын бөлме, асхана, екі сынып бөлмесі, мәйітхана, имам және наиб имам бөлмелері орналасқан. Едендері мрамор, қабырғалары сулыэмульсиямен әктелген.

Ауласына 65 түп шырша, 20 түп қайың және 15 түп шілік егілген.

Осы облыстағы мешіттер