Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Хазреті Әли» мешіті (Суреттер)

«Хазреті Әли» мешіті

«Хазреті Әли» мешіті Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында бой көтерген. 1996 жылы жекеменшік тең екі қабатты жер үй сатып алынады да, оны күрделі жөндеуден өткізіп мешітке айналдырады.  1998 жылы мұнара мен күмбездерін орнатады. Сыртын темір шарбақпен қоршайды. Кіреберісіне бетон құйылады. Сөйтіп ауданы 250 шаршы метрлік екі қабатты ғимарат халықтың емін-еркін құлшылық жасайтын ғибадатханасы қызметін атқарып келеді. Ғимараттың сырты бояумен боялған. 1 мұнарасы, 4 күмбезі бар. Көк бояумен боялған. Төбелері темір қаңылтырмен қапталған. Әр күмбезінің биіктігі 2, шеңбері 2 метр, мұнарасының биіктігі 17 метр. Қабырғасының биіктігі 7 метр. Кіреберіс есігі ағаштан өрнектеліп жасалған. Аяқ киім қоятын сөрелері мен киім ілетін жері бар.

Ғимарат 3 бөлмеден тұрады. Құран оқитын бөлменің қабырғаларына құран аяттары жазылып, кілем төселген, Құран оқитын үстел және орындықтар қойылған. Намаз оқитын залының аумағы 180 шаршы метр. Намазхананың төріндегі михраб қабырғаға ойылып жасалған. Ағаштан өрнектеліп жасалған мінбері бар және жанында микрофон, дауыс күшейткіш, далаға 3 колонка орнатылған. 2007 жылы жанынан екі қабатты асхана салынды,  ауданы 350 шаршы метр, ішінде дәм әзірлейтін пештер қойылған, ас үй ыдыс-аяқтармен және т.б. керек-жарақтармен жабдықталған.

Ашылу рәсіміне 1998 жылы Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Мешітті «Қазақмыс» АҚ салдырған. 

Осы облыстағы мешіттер