Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шайқы молда» мешіті (Суреттер)

«Шайқы молда» мешіті

«Шайқы молда» мешіті  Амангелді ауданы Амантоғай ауылында 1993 жылы  салынған. Құрылысына бүкіл аудан халқы көмектесті. Бірақ   аудан әкімі Теміржан Төлеубаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты, 1995 жылы құрылысы тоқтап қалады. 1996 жылы оны ауданның жаңа әкімі Сабыржан Ахметов қайта қолға алады. Ғибадатхана біржола толық бітпесе де (күмбездің астыңғы жағы, діңгектері, едендері, жылу жүйесі, мұнараның ішкі жағының жұмысы аяқталмаған) 1998 жылы пайдалануға берілді. Содан бері ол ауыл халқын имандылыққа ұйытып келеді.

Бір күмбезді, бір мұнаралы. 300 намазхандық үлкен залы бар. 50 кісілік әйелдер бөлмесі, имам, есепшінің жұмыс бөлмелері, 40 шәкіртке арналған дәрісханасы бар.

Осы облыстағы мешіттер