Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сатыбалды ишан» мешіті (Суреттер)

«Сатыбалды ишан» мешіті

«Сатыбалды ишан» мешіті Амангелді ауданының орталығы Амангелді аулында орналасқан. Іргетасы 1992 жылы қаланған. Жалпы ауданы 9 мың шаршы метр. Ғимараттың көлемі 180 шаршы метр. 300 намазханға арналған. Онда сауат ашу курсына арналған 2 бөлме бар. Ғимараттың михрабына көркем етіп «Фатиха» сүресі, төр жақ маңдайшасына «Аятул курсі»  жазылған. Алла үйінің оң жақ  қанатында имам бөлмесі, сол қанатына неке қию залы орналасқан. Негізгі залы гипспен жасалып, қазақи оюлармен өрнектелген. Ғибадатхана мұнарасының биіктігі 14,9, ортасына биіктігі 8,7, шеңбері 18,1 метр үлкен күмбез орнатылған. Мешіттің алдына тас төселген, кіре беріс жолдың екі шетіне түнде жарықтандыратын шамдар орнатылған.

Осы облыстағы мешіттер