Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре

Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре

Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре

Білімі мен біліктілігі:

1994 – Сарыағаш аударына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепті бітірген.

1995 - жылы ҚМДБ қарасты Мерке медересін бітірген.

1995-2002 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша білім алған.

1996-1997 жылдар аралығында Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында «Қожа Ахмед Йассауи» атындағы Құран оқуды үйрететін курста діни сауаттылығын арттырумен қатар түрік тілін меңгерген.

1999-2001 жылдары Либия Араб Жамаһириясындағы «Куллиятуд-дағуа әл-Исләмия» университетіне қарасты екі жылдық «Маъһадул-луғатил арабия» атты араб тілін дамыту институтында оқған.

2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне магистратуға оқуға  қабылданып, шығыстану магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленген.

2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдірген.

2009-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде докторантурада оқып, 2013 жылдың мамыр айынан бастап 6D020900- Шығыстану мамандығы бойынша философия ғылымдарының  (PhD) докторы  ғылыми атағын алған.

 

Еңбек жолы:

2002-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Экономика және Консалтинг университетінде араб тілі пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2003 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалған.

2005-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде «Әлемдік мәдениет және өркениет» кафедрасында араб тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет еткен.

2007-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің арабтану кафедрасында аға оқытушысы болып еңбек еткен.

2012-2015 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік архивте білікті маман болып жұмыс жасаған.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде жұмыс жасаған.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.

 

Марапаттары:

  1. 2019 жыл, 16-мамыр Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі, куәлік № 706, министр К.Шәмшидинованың қолы қойылған.
  2. 2020 жыл, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, куәлік №457, Ректор Ғ.М.Мұтановтың қолы қойылған.
  3. 2021 жыл, Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды, куәлік №1278. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған.
  4. 2021 жыл, 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хат.
  5. 2021 жыл, 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Түркістан облысы «Naganai» қайырымдылық қоры, «Oguz han» медалімен марапатталды. Куәлік №65, «Naganai» қайырымдылық қорының төрағасы Қ.С.Сыздықтың қолы қойылған.

 

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, 2 қыздың әкесі.