Рамазан айына
қалды
Өтпенов Наурызбай Тағанұлы
2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қызметін атқаруда.
Білімі мен біліктілігі:
- 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институты;
- 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институты;
- 2009 жылы Мысыр Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсы;
- 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Тарих» факультеті;
- 2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
- 1997-1999 жылдары ОҚО, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық;
- 2001-2005 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының Бас имамы;
- 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;
- 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;
- 2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;
- 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;
- 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы;
- 2013 жылдың 20-шы қыркүйегінен бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы;
- 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы;
- 2018 жылдың шілде айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы;
- 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі болып қызмет етуде.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
Н.Өтпеновтың тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына мұрындық болған. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі» атты кітаптың авторы.
Марапаттары:
Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Астана қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.