Мансұров Батыржан Берденұлы
19 сәуір, 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы округі, 13 жылдық елді-мекенінде дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Бастауыш мектепті Жібек Жолы округі елді-мекендегі Ж. Сүлейменов атындағы № 24 Абай мектебінде оқыды.
1995 жылы Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Университеттің екінші курсына көшкенде, яғни 1996-1997 жылдар арасында Түркия Республикасы, Стамбұл қаласында «Йассауи» атындағы Құран курста білім жетілдіріп қайтты.
2000 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетін үздік дипломмен бітіріп шықты.
2003-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде араб филология мамандығы бойынша магистр біліктілігі мен академиялық дәрежесін толық аяқтап, диплом алып шықты.
2006 жылдың көктем айынан 6 айға Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдіріп қайтты.
Сонымен қатар 2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология» факультетінде РhD докторантурасында оқыды.
Еңбек жолы:
2000-2003 жылдар аралығында жоғарыдағы университеттің «Араб тілі және дінтану» факультетінде практикалық қазақ тілі пәні мен араб тілінің морфологиясы бойынша оқытушылық қызмет атқарды.
2005-2006 жыл Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде араб тілі пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды.
2006-2011 жылдар аралығында «Қазақстан – 2030» Қазақ-Түрік жастарды қолдау қоғамдық қорының жанынан шығатын рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет Самалы» журналында бас редактор және «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры қызметін атқарды.
2012 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам және Алматы облысы Шамалған медресесіне қарасты Талғар ауданы «Мұрат Төреқұл» атындағы қарилар дайындайтын дайындық бөлімінде директор болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан бастап, ҚМДБ-ның бұйрығымен Атырау облысы бойынша өкілі және «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы қызметін атқаруда.