Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?

islam.kz 09.05.2020 11379 1 пікір
Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
Сұрақ: Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?

Жауап: Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек.

«Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса, таң атпады екен деп сәресін жеуді тоқтатпаса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...», - дейді.

Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу) екі ай кәффарат оразасын ұстайды.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Абзал | 12.05.2020 05:24

Ассалаумағалейкүм. 

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын.

Менің сұрарым бар еді

Бүгін таңертең мазам болмай ауырып қалдым. Құстым басым ауырды.

Енді сұрақ: Осы күнгі Ораза есепке алына ма алынбайды ма???

Администратор | 14.05.2020 03:47

Уағалейкумассалам! Еріксіз құсу оразаны бұзбайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны бұзады. Сіздің жағдайда ораза бұзылмаған шығар деп ойлаймыз, егер ауырған болсаңыз. Алла Тағала ниетіңізді қабыл еткей!