Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Мечети и учебные заведения Казахстана (Западно-Казахстанская область)


Орал медресесі

2008 жылдың сәуір айында ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Смайл Сейтбеков Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасымен жергілікті кәсіпорын, мекеме басшылары мен бірге ұйымдасқан түрде Орал медресесінің негізін қалады.

2008 жылдың қыркүйек айында медресе Бас мүфти Әбсаттар қажы дербісәлі және облыс әкімі Б.С.Ізмұхаметовтың қатысуымен ресми түрде ашылды.

Батыс аймақты қамтитын Орал медресесі Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шәкірттер қабылдайды.

ҚМДБ-ға қарасты «Орал медресесі» діни бірлестігі 2008 жылдың 23 қыркүйегінде ашылып, толық қызметке кірісті. Ғимараттың құрылымы цоколдік қабаттан, 1 және 2 қабаттан тұрады. Оқу орны орналасқан жер көлемі 0.3050 га. Оқу орнының жалпы көлемі 741,1 шаршы метр. Әкімшілік бөлімдер оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан және жалпы көлемі 62,8 шаршы метрді құрайды (1. Директор бөлмесі – 20,5 шаршы метр, 2. Оқу бөлімі – 15,8 шаршы метр, 3. Есепші – 13,2 шаршы метр, 4. Медициналық Пункт – 13,3 шаршы метр).  

Медресе Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, №22 Орал қалалық мұсылмандар мешітінің ауласында орналасқан.

 

Медреседе:

Оқу аудиториясы – 3.

Жатақхана – 3.

Ұстаздар және тәрбиешілер бөлмесі – 3.

Әкімшілік және оқытушылар бөлмесі – 2.

Есепші бөлмесі – 1.

Мед.пункт – 1.

Асхана (60 адамға арналған) – 1.

Ұстаздар дәретханасы – 1.

Шәкірттер дәретханасы – 6.

Жуынатын (душ) бөлмелері – 3.

Кітапхана – 1.

Мәжіліс залы – 1.

Киім шешетін бөлмелер (гардероб) – 1.

Компьютер бөлмесі – 1.

Медресе кітапханасы діни әдебиеттер, оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бос уақытта көру үшін арналған 1 теледидар, студенттердің араб тілін жетілдіру мақсатында көрулері үшін араб тілді каналдар орнатылған. Шәкірттерге тиімді қызмет көрсете білу үшін араб, түрік және шет елдерде ілімін жетілдірген ұстаздарымыз медреседе орналасқан. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Қазіргі таңда «Орал» медресесінде 40 жуық шәкірт тұрақты білім алуда. Медреседе діни пәндермен қатар қоғамдық пәндер де оқытылады.

«Орал» медресесіне келетін талапкерлерге қойылатын талаптар жалпы орта білімді бітірген, оқу үлгерімі, тәртібі мен мінез құлығы жақсы, болашақта имам немесе мешіттерде дәріс беруші ұстаз боламын деп діни қызметті таңдаған 25 жасқа дейінгі Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының азаматтары болуы керек. Оқу ақысыз. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Медресе түлектеріне «Исламтанушы» мамандығы бойынша мемлекеттік үлгіде диплом беріледі.

2010 жылы 29 сәуірде Орал медресесіне Білім және ғылым министрлігінен № 0137381 серия АБ нөмірлі мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензия берілді.

Медреседе жоғары санатты дінтанушылармен бірге шетелден арнайы шақырылған мамандар дәріс береді.

 

Талапкерлерге тиісті құжаттар:

  1. Медресе директорының атына жазылған өтініші.
  2. Өкіл имамның немесе аудан имамының ұсынысы.
  3. Өмірбаяны (өз қолымен жазуы шарт).
  4. Орта білім туралы аттестаты (түпнұсқасы, қосымшасымен).
  5. у 086 үлгідегі дәрігерлік анықтамасы.
  6. 6 дана фотосурет (көлемі 4*5).
  7. Әскери билеті немесе әскерге шақырылу куәлігі.
  8. Құжаттарды тігілуге арналған іс-парағы.
  9. РНН. (ксерокөшірме)