Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Алматы орталық мешіті (Фото)

Алматы орталық мешіті

Қазақстанның оңтүстік астанасының  көркіне айналған қазіргі зәулім мешіт бұрынғы ескі мешіт орнына жайғасқан. Жоба авторлары  сәулетші С.Баймағамбетов, Ш.Шарапиев және К.Жарылғапов. Мешіт құрылысын «Алматыжилстрой» жүргізді. Қаражатын Алматы қаласының әкімшілігі көтердi.  Мешіттің бітуіне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев сүбелі үлес қосты.

Мешіттiң жалпы ауданы – 3594,5 шаршы м., пайдалы көлемі – 3264,5 шаршы м., үлкен залдағы люстраның салмағы – 1750 кг, диаметрі – 5, ұзындығы – 7 метр, 365 шамы бар. Мешіт бес мың адамға арналған үлкен төрт залдан тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы және иътиқаф (мұсылманның өзімен-өзі Аллаға құлшылық ететін) бөлмесі. Барлық бөлмелерге «Алматы кілем» фабрикасы тоқыған кілемдер төселген. Әр бөлменің нақышы да, бояуы да бірін-бірі қайталамайды.

Мешіт қабырғасының биіктігі он екі метр. Есік маңдайшаларының жоғары жағы батырлар дулығасы іспетті.

Мешiттiң төрт мұнарасы бар. Бас мұнараның биіктігі – 40 метр. Бұл хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлықтың қырық жаста қонғандығын, ал төрт мұнара төрт халифаны білдіреді.

Мінбердің биіктігі – 7,77 м, яғни ол жеті қат аспан, жеті қабат жер дегенді білдіреді. Ол сүйек қолдана отырып самырсын ағашынан жасалған. Үлкен күмбездің диаметрі 20, қалған төрт кіші күмбездердің биіктігі 27 метр. 

Қазіргі таңда қаламызда халықтың игілігіне қызмет беріп тұрған 43 мешіттің бірі әрі Алматы қаласының орталық мешіті. 

050050, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16 Маметова көшесінің қиылысы. 
aom-baspasoz@mail.ru  
тел: +7 727 397 76 02

Мечети этой области или города